«SmartDeal» сервисінің Лицензиялық келісімі
«SmartDeal» сервисінің Лицензиялық келісімі
«SmartDeal» сервисінің осы Лицензиялық келісімі (бұдан әрі – «Келісім») интернет желісінде https://smartdeal.kz мекенжайы бойынша орналасқан «MP Solutions» ЖШС сервисін (бұдан әрі - Сервис) пайдалану шарттарын белгілейді және Сервисті пайдаланатын кез келшег тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») мен Сервиске айрықша құқықтың құқық иеленушісі (бұдан әрі – «Құқық иеленуші») болып табылатын «MP Solutions» ЖШС арасында жасалған.
1. Жалпы ережелер
1.1. Сервистің функционалын пайдалана отырып және/немесе Сервистің бағдарламалық жасақтамасын көшіре отырып, оны өз түпкілікті құрылғысына орната отырып немесе Сервисті басқа кез келген жолмен пайдалана отырып, Пайдаланушы Келісімнің барлық шарттарымен өзінің толық және сөзсіз келісетінін білдіреді.
1.2. Сервисті тек қана осы Келісімнің шарттарын сақтай отырып пайдалануға рұқсат етіледі. Егер Пайдаланушы Келісімнің шарттарын толық көлемде қабылдамаса, Пайдаланушының Сервисті қандай да бір мақсатпен пайдалануға құқығы жоқ. Сервисті Келісімнің қандай да бір шарттарын бұзып (орындамай) пайдалануға тыйым салынады.
1.3. Осы Келісімге және Сервисті пайдаланумен байланысты барлық қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. Осы Келісімнен немесе Сервисті пайдаланудан туындайтын кез келген наразылықтар немесе талаптар Алматы қаласында «MP Solutions» ЖШС-ң орналасқан жері бойынша сотқа берілуге және қаралуға тиіс.
1.4. Құқық иеленуші Пайдаланушыға осы Келісімнің орыс тілінен басқа тілдерге аудармасына ұсына алады, алайда Келісімнің орыс тіліндегі шарттары мен оның аудармасының арасында қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар Келісімнің орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алатын болады.
2. Сервиске құқықтар
2.1. Сервиске айрықша құқық Құқық иеленушіге тиесілі.
3. Келісімнің құны
3.1. Құқық иеленуші өтеусіз, жай (айрықша емес) лицензияның шарттарының негізінде Пайдаланушыға Қазақстан Республикасының және бүкіл әлем елдерінің аумағында Сервисті тікелей функционалдық мақсаты бойынша қолдану тәсілімен, соның ішінде Пайдаланушының ақырғы құрылғысында (-ларында) көшіру және орнату (жаңғырту) мақсатымен пайдалануға табысталмайтын құқық береді. Пайдаланушы Сервисті ақырғы құрылғылардың шектеусіз санына орнатуға құқылы.
4. Шектеулер
4.1. Осы Келісімде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген көлемдерде және тәсілдермен пайдалануды қоспағанда, Пайдаланушының Сервистің бастапқы мәтінін шығарып алуды және/немесе Сервисте қолданылатын алгоритмдерді іске асыру туралы ақпарат алуды мақсат ететін Сервистің объектілік кодын өзгертуге, қайта құрастыруға, дизассемблерлеуге және онымен басқа да іс-қимылдарды жасауға, Сервисті пайдаланып туынды туындыларды жасауға, сондай-ақ Құқық иеленушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Сервисті өзгеше пайдалануды жүзеге асыруға (жүзеге асыруға құқық беруге) құқығы жоқ.
4.2. Пайдаланушының Сервисті Құқық иеленушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Келісімде тікелей көзделмеген кез келген нысанда және кез келген тәсілмен жаңғыртуға, таратуға, көпшілікке жеткізуге құқығы жоқ.
5. Басқа шарттар және хабарламалар
5.1. Пайдаланушыға осымен Сервисте статистиканы автоматты түрде жіберу функциясы қосылған жағдайда Құқық иеленушіге Сервистің тиісті функцияларын ұсыну, Пайдаланушыға ұсынылатын өнімдер мен сервистердің сапасын жақсарту мақсатында кіретін сайты, пайдаланушының браузерлеріндегі қаралатын парақшасы және Сервистегі жүктелетін файлдар туралы анонимді ақпараттың, сондай-ақ Пайдаланушы құрылғысының аппараттық жасақтамасы, Пайдаланушы құрылғысының операциялық жүйесі, құрылғыда орнатылған Сервистік жасақтама, құрылғыда жұмыс істейтін (іске қосылған) Сервистік жасақтама, операциялық жүйедегі ықтимал қауіп көздері немесе күмәнді Сервистер туралы ақпараттың, Пайдаланушы құрылғысының файлдың жүйесіндегі танымал папкалар тізімінің және локалды іздеу нәтижелерінің (осы функцияны пайдаланған жағдайда), сондай-ақ басқа да техникалық ақпараттың автоматты түрде хабарланатыны (Пайдаланушыға байланыстырусыз) туралы ескертілді және ол келісімін берді. Құқық иеленуші көрсетілген деректерді өзінің басқа сервистерінде/бағдарламалық жасақтамаларында (өнімдерінде) кез келген мақсатпен пайдалануға құқылы, және онымен Пайдаланушы келіседі және өзінің сөзсіх келісімін береді. Пайдаланушы көрсетілген деректерді жинауды Сервистің баптауларында статистиканы автоматты түрде жіберу функциясын өшіру арқылы тоқтата алады.
5.2. Осы Келісімге сәйкес берілетін Сервисті пайдалану туралы барлық деректер Құпиялылық саясатына сәйкес сақталады және өңделеді.
6. Келісім бойынша жауапкершілікті шектеу
6.1. Сервис көпшілік алдына ұсынылған күйде беріледі. Құқық иеленуші және/немесе оның өкілдері, және Құқық иеленушінің контрагенттері Сервистің қатесіз және тоқтаусыз жұмыс істеуіне, Сервистің Пайдаланушының нақты мақсаттары мен күткеніне сәйкестігіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді, сондай-ақ осы Келісімде тікелей көрсетілмеген ешқандай басқа кепілдіктерді бермейді.
6.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында рұқсат етілген максималды дәрежеде Құқық иеленуші және оның контрагенттері Сервисті қандай да бір пайдаланудың немесе пайдалану мүмкіндігінің болмауының белгілі –бір тікелей немесе жанама салдары және/немесе Пайдаланушыға және/немесе үшінші тараптарға Сервисті қандай да бір пайдаланудың немесе пайдаланбаудың нәтижесінде, соның ішінде Сервистің жұмысында болуы мүмкін қателіктердің немесе іркілістердің себебінен келтірілген залал үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
7. Сервистің жаңартулары/жаңа нұсқалары
7.1. Сервис белгілі-бір уақыт өткен сайын автоматты түрде оны жақсартуға/жөнге келтіруге бағытталған және патчтер, қосымша модульдер және т.с.с. түрінде болуы мүмкін жаңартуларды немесе Сервистің толықтай жаңа нұсқаларын жүктей алады және орната алады. Пайдаланушыға осымен ешқандай алдын ала хабардар етусіз Сервистің автоматты түрде жаңартылатыны, оған қоса Пайдаланушының құрылғысына жаңартулардың сұралатыны, жүктелетіні және орнатылатыны туралы ескертілді және ол онымен келіседі.
7.2. Осы Келісімнің әрекеті Сервистің бұдан кейінгі барлық жаңартуларына/жаңа нұсқаларына қатысты қолданылады. Егер Сервисті жаңарту/жаңа нұсқасын орнату басқа лицензиялық келісіммен ілеспейтін болса, Сервистің жаңартуының/жаңа нұсқасының орнатылуы Сервистің тиісті жаңартулары/жаңа нұсқалары үшін Пайдаланушының осы Келісімнің шарттарын қабылдағанын білдіреді.
8. Осы Келісімнің шарттарын өзгертулер және басқа шарттар
8.1. Осы Келісімді Құқық иеленуші бір жақты соттан тыс тәртіппен өзгерте алады. Пайдаланушыға арналған осы Келісімнің шарттарына енгізілген өзгертулер/толықтырулар туралы хабарламалар https://smartdeal.kz парақшасында жарияланады. Келісімнің шарттарындағы көрсетілген өзгертулер, егер тиісті жарияланымда өзгеше ескертілмесе, олар жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
8.2. Осы Келісім бойынша Құқық иеленушінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға Пайдаланушының (-лардың) келісімінсіз беруге рұқсат етіледі.
8.3. Осы Келісімде көзделмеген қалған жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
8.4. Осы Келісімнің бір бөлігінің жарамсыздығы, егер осы Келісім оның жарамсыз бөлігін қоспаса да жасалуы мүмкін болған болса, оның басқа бөліктерінің жарамсыз болып қалуына алып келмейді.